• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Ағымдағы жылғы 5 наурызда Ақсу қаласының білім бөлімімен Ақсу қаласы мен ауылдық өңірдегі оқу орындарының басшыларымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды

Ағымдағы жылғы 5 наурызда Ақсу қаласының білім бөлімімен Ақсу қаласы мен ауылдық өңірдегі оқу орындарының басшыларымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты: білім беру қызметіне қоғамдық бірлестіктердің назарын аудару, оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін қажетті жағдайлар жасау, тәжірибе алмасу, сонымен қатар балалардың мектептен тыс жұмыстарға қызығушылығын арттыру. Қоғамдық бірлестіктердің басшылары: «Жауқазын» қоғамдық қоры К.Т. Баймұханова; «Ақсу - қайырымдылық аумағы» қоғамдық балалар қайырымдылық қоры Г.Н.Амирханова, «Туған жерім - Ақсуым» қоғамдық қоры Болат Шияпұлы Рахматулла; ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы В.Х. Хохлова, «ПАРИТЕТ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы қатысты.

Өңірде қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ретінде адами капиталды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік білім беру органдары мен үкіметтік емес бірлестіктердің бірлескен жұмысы жүргізілуде.

Кездесу диалог алаңы түрінде өтті, оның барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелері жарияланды. Ақсу қаласының және Сарышығанақ ауылының № 7 орта мектептерінің директорлары, сондай-ақ №1, №2, № 4,            №8 қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары өз ақпараттарымен сөз сөйледі.

Кездесудің қорытындысы бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы шешім қабылданды, бұл жас ұрпақтың білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін интеграцияланған жүйені құруға мүмкіндік береді.

11-03-2020