• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Ақсу-Шеберлер қаласы – 2021»

Жыл сайын наурыз айында Ақсу қаласы мен ауылдық аймақ мектептерінің оқушылары «Шеберлер қаласы» фестивалінде өздерінің шығармашылығы мен шеберлігін көрсетеді. Биылғы жылы фестиваль келесі бағыттар бойынша қашықтық форматта өтті: вокал, хореография, сәндік-қолданбалы өнер және Ақсу қаласының 60 жылдығына арналған өз шығармалары бойынша өлеңдер байқауы.

«Менің сүйікті қалам Ақсу» атты өз шығармармалары бойынша өлеңдер байқауында 1-орынды Жамбыл ОМ 9 сынып оқушысы Дорбетхан Аружан және №2 ОМ 10 сынып оқушысы Мұрат Нұрдәулет иеленді.

«BI BILE» хореографиялық байқауында қатысушылар заманауи және қазақтың халық билерін ұсынды. Ю. Гагарин ат. ОМ, Достық ОМ және Қ. Қамзин ат. ОМ оқушылары номинациялармен марапатталды.

       Вокалдық байқауда 1-орынды №2 ОМ оқушысы Майданова Аянат иеленді, 2-орынды Жамбыл ОМ оқушысы Жиенхан Қайсар, Үштерек ОМ оқушылары Хайратхан Рая және Сағидолла Ақбота иеленді, 3- орынға Еңбек ОМ оқушысы Теміржанова Әнел ие болды.

      Сәндік-қолданбалы өнер байқауында №2 ОМ, №8 ОМ, Айнакөл, Достық, Еңбек, Үштерек және Жамбыл ОМ ағаштан, металлдан және жүннен жасалған қызықты жұмыстар ұсынды.

20-03-2021