Жаңа жыл қарсаңында Ақсу өңірінің аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, мүгедек балаларға, жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған 1559 балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Қала кәсіпорындары «Қазхром Ақсу»ТҰК АҚ, «ЕЭК» АҚ сондай-ақ «Едіге Шон» ЖШС демеушілік көмек көрсетті.
Жыл сайын бұл кәсіпорындар қайырымдылық істі көрсете отырып, оқушыларды назардан тыс қалдырмайды.