• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Ақсу оқушылары Павлодар облысы әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды

Көптеген балалар үшін жаңа жыл – асыға күтетін ең сүйікті мереке.

 Қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, балаларға облыс әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовтың атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

Балаларға ертегі кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар сыйлық таратты. Балаларға жылы лебіздер мен тілектер айтылды.

Тәтті сыйлықтар, ойыншықтар және ақшалай сертификаттарды жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сондай-ақ оқуда жетістікке жеткен оқушылар алды.

28-12-2020