• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Қауіпсіз жол» акциясы

Балалардың қатысуымен жол – көлік жарақатының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 12-14 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Аталған акция аясында Ақсу өңірінің барлық білім беру мекемелерімен келесі іс-шаралар өткізілді: ақпараттық стендтер және қауіпсіздік бұрыштары ресімделді; «Жол қозғалысы ережелері», «Қала көшелеріндегі бала», «Қауіпсіз дөңгелек», «Жол полициясы хабарлайды» атты тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды; көшедегі қауіпсіз жүріс мәселесі бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді, онда балаларды мектепке, әсіресе автокөлік құралдарының қарқынды қозғалысы орындарында, жүру бөлігінде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде, оқушылармен ұялы телефон арқылы шектеулі сөйлесулер, көшелерде қозғалу кезінде құлаққаптарды пайдалану, жол арқылы өту кезінде, қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын жерлерде және биік ғимараттардың шатырларында селфидің жасауға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

14-02-2020