• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Астана – менің Отанымның Елордасы»

Ағымдағы жылдың 23-27 қарашасы аралығында «Астана – Отанымның Елордасы» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында елордаға облыстың 11-ден 14 жасқа дейінгі әлеуметтік осал топтарынан 50 оқушы, соның ішінде Ақсу қаласындағы мектептердің оқушылары шақырылды.

Бұл жобаның ұйымдастырушысы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС. Балаларға арналған мәдени-ойын-сауық бағдарламасын кәсіби гид-бағыттаушылардың таныстыруымен ұйымдастырылды. Экскурсия өте қызықты өтті, балалар Астана - Бәйтерек монументіне, ЭКСПО көрмесіндегі «Нұр Әлем» болашақ энергиясы мұражайына, Аквариумға (ЦСО «Ailand), әскери-тарихи мұражайға

барды, Тәуелсіздік алаңына Әзірет Сұлтан мешітіне және елорданың басқа көрікті жерлеріне саяхат жасады.

Балалар көргендерінің бәріне риза болып, жағымды эмоциялар алды. Кездесу соңында осы жобаны ұйымдастырушылар әр балаға сувенирлер сыйлады.

28-11-2019