• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Қауіпсіз мектеп ортасы»

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 2020 жылғы 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында балаларға, ата-аналарға және қоғамға үйдің, қоғамның, ғимараттар мен білім беру мекемелерінің және оның аумағындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерту болуы тиіс жыл сайынғы «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өтті. Акция аясында барлық мектептерде сынып сағаттары, ақпараттық әңгімелер мен қауіпсіздік сабақтары, сурет салу конкурстары, ата-аналар жиналыстары өткізілді.

Сондай-ақ, осы акция аясында білім бөлімі Ақсу қаласының прокуратурасымен бірлесіп «Балаға «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз» тақырыбында әлеуметтік эксперимент өткізді. Эксперименттің мақсаты балаларға бейтаныс адамдармен мінез-құлық ережелерін үйрету, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғылмаушылықты алдын-алу. Әлеуметтік эксперимент қорытындысы бойынша ата-аналарға жадынамалар мен буклеттер таратылып,  психологтардың ұсыныстары берілді.

 

07-10-2020