«30 игі іс марафоны» қайырымдылық акциясын іске асыру аясында 1 наурыз бен 5 наурыз аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары келесі көмек көрсетті:
- аз қамтылған отбасыларға - Береке ОМ, Ақжол ОМ 15 мың теңге сомасына; Айнакөл ОМ 10 мың теңге сомасына; лицей мектебі 20 мың теңге сомасына азық-түлік себеттерін ұсынды;
- №4 орта мектептің 2 мұғалімі Ақсу кентінде өрттен зардап шеккен адамға 6 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті;
- 5-11 сынып оқушылары 9 қарт адамның ауласын қардан тазартты (105 оқушыны қамтылды) (Ақжол ОМ, Айнакөл ОМ, Сарышығанақ ОМ, Қабылбеков ОМ, №5 БМ, Достық ОМ, №2 ЖОББМ, Қызылжар ОМ, Спутник НМ);
- оқушылар қарт кісіге көмек көрсетті (Айнакөл ОМ);
- 7-11 сынып оқушылары (36 оқушы қамтылды) қарттарға шаруашылық бойынша көмек көрсетті (Сарышығанақ ОМ, Қызылжар ОМ, Қабылбеков ОМ, №2 ЖОББМ);
- Гагарин ОМ 1 көп балалы отбасыға 20 мың теңге сомасына киім түрінде материалдық көмек көрсетті;
- Ақсу қаласы №4 ОМ 8а сынып оқушылары ескі Ермакта өрт кезінде қаза тапқан адамның қызына 18 мың теңге сомасында қаржылай көмек көрсетті;
- Спутник ст. НМ аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға 2 мың теңге көлемінде кеңсе тауарларын алып берді.
Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 106 мың теңге.