• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы басталды

Ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 қыркүйегі аралығында жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуін алдын алу болып табылады.

Бүгінгі күні Ақсу өңірінің әлеуметтік қорғалмаған отбасыларынан 21 331770 теңге сомасына 2485 бала қамтылды.

Осы жылы «Қазхром» ТҰК» АҚ 5 млн.теңге сомасында жыл сайынғы көмек көрсетті, сондай-ақ «ЕЭК» АҚ 1829000 теңге сомасында жәрдем көрсетті. Сонымен қатар, аталған акцияға мемлекеттік мекемелердің бөлімдері белсенді қатысты.

02-09-2020