• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Кітап оқу-білім беруді дамытудың, тәрбиелеудің және оқу мәдениетін арттырудың маңызды факторы»

2021 жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылы болып жарияланды, негізгі бағыттардың бірі оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, функционалдық сауаттылығын, сыни ойлау дағдыларын дамыту, мектеп кітапханаларын жаңғырту және цифрландыру болып табылады.

PISA зерттеулері нәтижелерінің соңғы байқаулары бойынша қазақстандық оқушыларда оқу мәдениетінің төмендеу үрдісі байқалады, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылғы 21 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында ағымдағы жылы мектеп кітапханалары қызметінің барлық бағыттарын қамтитын «Оқуға құштар мектеп - Читающая школа» облыстық жобасы басталды.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері – «Оқуға құштар мектеп» жобасына қатысу арқылы балалар мен жасөспірімдер оқуының мәдениетін дамыту және сақтау, отбасылық оқу, мектепте көпфункционалды жайлы кітапхана кеңістігін құру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын дамыту, кітапханалық технологиялық процестерді автоматтандыру, көркем әдебиеттің кітапхана қорын толықтыру.

Жоба аясында ағымдағы жылдың 24 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық кітапханасының, Павлодар қаласының білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының, облыстық мамандандырылған мектептердің, интернаттардың, қосымша білім берудің өкілдері, мектеп педагогтары, кітапханашылар, директорлар, тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушілер қатысқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы тақырыбы бойынша диалогтық алаң жұмысы ұйымдастырылды.

Диалог алаңы барысында оқушылардың оқу мәдениетінің төмендеуі, оқырмандық белсенділік деңгейінің төмендеуі, ілеспе факторлар - мектеп кітапханаларының материалдық базасының әлсіздігі, қордың жеткіліксіз толықтырылуы мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы директорының ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов барлық қатысушылардың назарына «Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы» білім беру порталының электрондық ресурстарын ұсынды, онда жетекші қазақстандық баспалар кітаптарының электрондық көшірмелерінің неғұрлым толық көздері, қазақстан кітапханаларының сирек басылымдары жинақталған, білімнің барлық салалары бойынша барлық ақпарат жинақталған, бұл кітаптар қажетті ақпаратты электрондық форматта алғысы келетіндердің барлығына қолжетімді

01-04-2021