• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Дебаттық шайқастар

«Ұшқыр ой алаңы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында «Рухани келесім - ұлттық бірлікке жол» тақырыбында қалалық турнир өтті.

Турнирді Ақсу қаласының білім беру бөлімі мен Жастар бастамасын дамыту орталығы ұйымдастырды. Әрине, бұл турнир шешендік өнердегі ең дарынды және өз көзқарасын қорғай алатындарды оқушылар арасында анықтауға мүмкіндік беретін бастапқы алаң болып табылады. Болашақта мұндай балалар азаматтық қоғамды оң жолмен дамыта алатын қоғамдық пікір көшбасшылары болады.

         Өңірдің жалпы орта білім беретін мектептерінен барлығы 12 команда қатысты. Жалпы 36 адам қамтылды.

         Сайыс қорытындысы бойынша дебат турнирінің жеңімпаздары болып №4 орта мектебінің «Харизма», Жамбыл орта мектебінің «Жеті жарғың» және Береке орта мектебінің «Алаң» командалары атанды.

Келесі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды:

- «Ең сенімді ойыншы» Достық орта мектебінің оқушысы Малика Харахад;

- «Үздік спикер» Жамбыл мектебінің оқушысы Аружан Дорбетхан және Береке ауылы орта мектебінің оқушысы Марат Әділет;

- «Үздік шешен» Қалқаман ауылы орта мектебінің оқушысы Зейнеп Абай  және Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Айдана Сейтбай.

Облыстық кезеңде Ақсу өңірінің намысын №4 орта мектебі және Жамбыл орта мектебінің командалары қорғайтын болады.

21-01-2021