• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Ақсу қаласы және ауылдық аймақ бойынша балаларды онлайн режимінде қорғау күні

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес Балаларды қорғау күніне орай Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың барлық мектептерінде онлайн режимде келесі іс - шаралар өткізілді: «Радуга творчества» балалар шығармашылығының көрмесі, «Мир детства» караоке – батл, «Семья это модно» фото-конкурсы.

1 маусымға арналған іс-шаралар аясында мектептерде келесі іс-шаралар өткізілді:

- Достық орта мектебінде 1-11-сынып оқушылары отбасылық фотосуреттер бойынша коллаж жасады;

- ата-аналар балалар фильмі мен ертегілерінің үй коллекциясынан отбасылық кинозал ұйымдастырды;

- музыка мұғалімдері мен вокал үйірмелерінің жетекшілері 5-10 сыныптарда «Әуенді тап» атты музыкалық викторина өткізді;

- «Күшуақты жаз» атты қолөнер сайысы;

- лицей-мектебінде «Көңілді аспазшылар» бейне – рецепт байқауы өтті;

- Еңбек ауылының мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге «Бақытты балалық шақ» фото-көрмесіне қатысты;

- дене шынықтыру мұғалімдері 5-7-сынып оқушылары арасында «Спорт әлемінде» конкурсын өткізді.

Қ. Қамзин және М. Қабылбеков атындағы мектептерде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына тәттілер таратылды.

Оқушыларды әлеуметтік желілер арқылы құттықтады, оқушылар 11-сыныптардың түлектерін бейнежазбамен құттықтады.

08-06-2020