• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық қашықтық кезеңі өткізілді

Білім беру бөлімінің тәрбие секторы «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық қашықтық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Жылулығыңмен бөліс», «Туған қалама – қайырымды іс», «Мен – Қазақстан азаматымын», «Медиажобалар», «Менің кіші Отаным», «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңғыру полюсі», «Киіз үй – әлемнің үлгісі».

Байқау қорытындысы бойынша – 1 орынды К. Шүлембаев атындағы орта мектептің оқушылары Нұрәлі Ноғаев пен Дильназ Елеусізова «Мен-Қазақстан азаматымын» номинациясында иеленді. Бұл жоба 2019 жылы «Толеранттылық» тақырыбында басталды. Ол дәстүрлерді зерттеуге, Қазақстан халықтарының мәдениетін құрметтеуге және толеранттылыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Екінші орынды «Жаңғыру полюсі» номинациясымен Спутник негізгі мектебінің оқушысы Даная Қабылдиноваға берілді. Жоба «Спорт алаңы» деп аталады. Жобаның мақсаты жаңа және қауіпсіз технологияларды қолдану негізінде жасалған спорт жабдықтарын және аула жиһаздарын қолдана отырып, спорт алаңын жаңғырту және абаттандыру арқылы құру болып табылады.Сондай-ақ, екінші орынды «Киіз үй – әлемнің үлгісі» номинациясымен М. Қабылбеков орта мектебінің оқушысы Жолдасбекова Альмира иеленді. Бұл жобаның міндеті болашақ ұрпаққа біздің ата-бабаларымыздан қалған ең құнды мұралардың бірі – киіз үйді, оның қадір-қасиеті мен құдіретін беру.

Үшінші орынды № 2 орта мектептің оқушысы ДанаАбай, Үштерек орта мектебінің оқушысы Қымбат Махсатхан және Юрий Гагарин атындағы орта мектептің оқушысы Владимир Мажуга бөлісті.

Үздік жұмыстар облыстық кезеңге қатысу үшін жіберілді.

06-04-2021