2020 жылғы 30 қыркүйекте «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ толық 11-17 жастағы балалардың қатысуымен ерікті мектеп клубтары арасында «Адал ұрпақ» қалалық онлайн – слетін өткізді.
Конкурстың мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, аса өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриоттың қалыптасуы мен дамуы.
Осы слетқа 8 ерікті мектеп клубы қатысты: № 4 ОМ, № 1 ОМ, №2 ЖОББМ, лицей- мектебі, Үштерек ауылының ОМ, Достық ОМ, Еңбек ОМ, Гагарин атындағы ОМ.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1-орын – Ақсу қаласының лицей-мектебі, 2-орын – Гагарин ОМ, 3-орын – Достық ОМ.
Қалған мектептер номинацияларға ие болды.