• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Халық қаhарманы-ел аузында

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың білім беру ұйымдарында «Халық қаһарманы-ел аузында» атты бірқатар іс-шаралар  ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларды Ұлы Отан соғысының батырлары – 28 панфиловшылармен таныстыру. Батырлық әрекеттерге, Отанға деген сүйіспеншілікке, жауапкершілікке, азаматтық парызға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Cынып жетекшілер «28 панфиловшылар» көркем фильмін қашықтықтан қарауды ұйымдастырды, осыдан кейін балалар жұмыстың мазмұнына арналған онлайн суреттер көрмесіне қатысты.

21-08-2020