• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Баланы үйден шықпай-ақ балабақшаға кезекке қалай қою керек?

Құрметті ата-аналар!

Бүгінгі күні «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою» электрондық қызметін алуға өтініш беру үшін автоматтандырылған жүйе іске қосылды. Енді балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қою үшін Сіз balabagsha.snation.kz сілтеме бойынша өтіп, электрондық жүйені пайдалана аласыз. Өтініш беру үдерісі балаларды электрондық кезек жүйесіне қою жөніндегі «Көмек» бөліміндегі нұсқаулықта сипатталған. Кезекке қойылғаннан кейін жүйе Сіздің өтініміңізге реттік нөмір береді және баланың жасына сәйкес бос орын болған жағдайда ата-анасын sms хабарлама арқылы шақырады.

Кезекті қалыптастыруда айырмашылық бар: енді жалпы кезек туған жылы бойынша өтініште көрсетілген балабақшаға «бекітусіз» қалыптастырылады. Қазір жүйеде 2015, 2016, 2017, 2018 туған балалардың кезегін көруге болады.

Кезектердегі өтініштер өтініш берілген күн бойынша басымдық тәртібімен орналастырылады.

Кезектен тыс орын алуға құқығы бар өтініш берушілердің (әскери қызметшілердің) өтініштері кезек басында орналастырылады, яғни кезекте басым орналаса алады.

Бірінші кезекте орын алуға құқығы бар өтініш берушілердің өтініштері (көп балалы отбасылар, қамқорлықтағы, мүгедек ата-аналардың балалары, педагогтардың балалары) кезектен тыс орын алуға құқығы бар өтініштерден кейін кезекке қойылады.

Бос орындарды бөлу тәртібі келесі алгоритм бойынша жүзеге асырылады:

1) жүйе күнделікті мектепке дейінгі ұйымдардан жаңа бос орындардың пайда болуы туралы өтінімдерді қабылдайды.

2) жүйе күн сайын порталда balabagsha.snation.kz өткен тәулікте босатылған орындардың бюллетенін жалпы қол жеткізу үшін электрондық түрде жариялайды.

3) жүйе босаған орындар бюллетені жарияланғаннан кейін бірден бос орындар пайда болған кезектердің әрқайсысында мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу мүмкіндігіне басым қолжетімділікті ашады.

Жүйе ата-аналарды sms және email арқылы электрондық хабарламалар арқылы қажетті әрекеттер туралы хабардар етеді.

Жүйе жолдаманың белгіленген қолданылу мерзімі өткеннен кейін пайдаланылмаған жолдаманың күшін жояды және оны мұрағатқа орналастырады, ал мектепке дейінгі балалар ұйымына орын қайтадан босатылады және өтініш берушінің таңдауы үшін қолжетімді болады. Бұл ретте өтініш берушінің тиісті өтініші 10 (он) жұмыс күні ішінде ата-аналар орын таңдауға қатыса алмайтын стоп-параққа орналастырылады. Егер өтініш беруші берілген жолдаманың қолданылу мерзімін 2 (екі) рет өткізіп алса, жүйе өтінішті кезектен алып, оны мұрағатқа орналастырады.

Жүйе бақылауды ұйымдастырады және өтініш берушіге кезекке өтініш берілген сәттен бастап 12 ай ішінде мектепке дейінгі балалар ұйымына орын алуға мүдделілігін растауға (КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРУГЕ  кіру және КЕЗЕКТІ РАСТАУ батырмасын пайдалану) мүмкіндік береді.

Барлық сұрақтар бойынша ата-аналар Ақсу қаласының білім бөліміне тек 5-05-93 телефоны арқылы хабарласа алады.

28-05-2020