• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

offline-демалыс

Ақсу қаласы мен ауылдық аймақ мектептерінде жазғы демалыс кезінде «Каникулы-offline» қашықтықтан мектепішілік лагерь ұйымдастырылды.

Бұл жобаның мақсаты - оқушылардың әртүрлі, әлеуметтік маңызы бар және жеке қызықты іс-шараларға қосылу негізінде негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтар тақырыптық кездесулер түрінде өткізілді, конкурстар, викториналар, интерактивті ойындар, экскурсиялар, интеллектуалдық ойындар, спорттық ойындар, жарыстар, көрмелер, челлендждер, онлайн режимінде акциялар өткізілді.

Жоба 7 бағыттан тұрады:

1. «Sociability» жас көшбасшы мектебі  - балаларда әлеуметтік бейімделу және қоғамдағы табысты қызмет үшін қажетті теориялық және практикалық білімді, дағдыларды қалыптастыру. Рефлексия, өзін-өзі бағалау қабілетін қалыптастыру. Ұжымдық іс-әрекет арқылы көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын игеру.

Шешім қабылдау қабілетін  және бастама мен жауапкершілікті қабылдауға дайын болу, өмір жоспарларын құру және құндылық бағдарларын түзету мүмкіндігін қалыптастыру.

2. «Smartperson» интеллектуалдық ойын мектебі – «Smart person» ойынханасына ZOOM платформасында және басқа байланыс құралдарының көмегімен онлайн режимінде өткізілген 3 онлайн үстел ойындары кіреді.

3. «Пикассо» жас суретші мектебі - сурет салудың стандартты емес әдістерін (қолмен, заттармен, құммен және т.б.) игеру, аралас тірі суреттер жасау. «Аквагримм» техникасының тақырыптық жұмыстар конкурсы, тақырыптық көрмелер мен шеберлік сағаттар, челлендждер мен акциялар ұйымдастыру және өткізу.

            4. «WOW» - шоу шығармашылық мектебі -  Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу,  тұлғалық қырларын ашу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

5. «Техно-LAB» техно-мектебі - оқушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға, кәсіби өзін-өзі анықтауына бағытталған.

6.  Sportland «Салауат» денсаулықты сақтау мектебі - оқушыларды салауатты өмір салтының қағидалары мен тәжірибесіне үйретеді, өз денсаулығына сауатты қамқорлық жасау қажеттілігін тәрбиелейді. Оқушыларды спортпен белсенді айналысуға жұмылдыру (тыныс алу гимнастикасы, таңертеңгілік жаттығулар, көзге  және бұлшықет тонусына арналған жаттығулар).

7. “Зеленые технологии” экологиялық мектебі - оқушылардың қоршаған ортаға белсенді және жауапты қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғи ортаның мүмкіндіктерін барынша пайдалану.

Жобаға 10243 оқушы қамтылған барлық ұйымдар қатысты. Барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде хэштегтермен жарияланды.


26-08-2020