«Ертіс дарыны» ӨҚББӨӘО-ғы 2020-2021 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Ақсу қаласының білім бөлімі кезекті «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсы қалалық деңгейде 2020 жылғы 3 қараша айында ZOOM платформасында бейнеконференция форматында өткізілді.
Маңызды мәдени-тарихи тұлғалардың шығармашылығы мен мұраларын насихаттау незінде, «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсына он алты оқушы қатысты. Байқау 4 бағыт бойынша өтті. Он бір оқушы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Соның ішінде:
І бағыт бойынша «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»:
ІІІ орын – Б. Момышұлы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тыныбай Әйгерім.
ІІ бағыт бойынша «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»:
ІІ орын – Еңбек орта мектебінің 8 сынып оқушысы Әскерханұлы Жалғас.
ІІІ бағыт бойынша «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқанын айнасымен»:
І орын - № 1 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ахмедиева Жұлдыз;
ІІ орын - № 2 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Серікқызы Әйгерім;
ІІІ орын – Жамбыл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Назетхан Сауле;
ІІІ орын – Достық орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ауыт Оралбек;
ІІІ орын Мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Лукина Яна және 10 сынып оқушысы Герб Кристина.
ІV бағыт бойынша «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»:
І орын – № 2 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жанболат Әлфараби;
ІІ орын – Үштерек орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сэсэрхан Арманай;
ІІІ орын – Б. Момышұлы орта мектебіні 9 сынып оқушысы Рахимбек Жадыра.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2020 жылғы 26 қарашада қашықтан өткізген облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларына» Ақсу қаласынан 3 оқушы қатысты.
«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (сипаттау) бағытында І орын– Ақсу қ. №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жанболат Әлфараби иеленді.