• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Үйірме жұмысы дебат клубы түрінде

2020 жылдың тамыз айының 11 күні «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ қолдауымен Ақсу өңірінде «Үйірме жұмысы дебат клубы түрінде»   тақырыбында парламенттік дебат бойынша онлайн шеберлік сағатын өткізді.

Бұл іс-шараға мұғалімдер, тәлімгерлер, жоғары сынып оқушылары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қатысушылардың саны -100.

Ұйымдастырушылар мектепте дебат үйірмесін қалай дұрыс жүргізу керектігі туралы ұсыныстар мен мәліметтер ұсынды, әртүрлі турнирлерге қатысу үшін балаларды дайындау бойынша қазылар – алқасына  арналған әдістемелік нұсқаулар берілді.

Онлайн шеберлік сағатының соңында іс - шараға қатысушылар сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті.

14-08-2020