• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Жаз-2020

15-30 шілде аралығында Ақсу қаласының білім бөлімі жазғы кезеңде балалардың  демалысын, бос уақытын ұйымдастыру шеңберінде жалпы білім беретін мектептерге келесі жобаларды іске асыруды ұсынды.

"Ару қыз" 5-8 сынып қыздары арасында эстетикалық талғамды тәрбиелеу, жеке тұлғаны, сұлулықты, мәдениетті жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Ол белсенді өмірлік ұстанымы бар және өз өмірін әдемі мазмұнмен, кәсіпкерлікпен, жетістікпен және мақсаттылықпен толтыра алатын оқушы қыздарға бағытталған.

"Ең үздік"-  жобасының қатысушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыра алды, сондай-ақ жасына қарамастан шығармашылықтың түрлі жанрлары мен түрлерінде ерекше қабілеттерін ашатын өз таланттарының көкжиегін кеңейте алды.

"Алтын микрофон" - шешендік өнердегі ең дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өлеңдер мен ертегілерді мәнерлеп оқи алатын іс-шаралар жүргізушілерін  дайындау үшін өткізілді.

"Үй жануарлары әлемінің құпия ғажайыптары" - оқушыларды үй жануарларының ғажайыптарымен таныстыру, жануарларға ұқыпты қарау және оларға қамқорлық жасау, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

"Пластикалық бөтелкенің құпиясы" - жоба экологиялық мәдениеттің негізін құрайды. Оның көмегімен оқушылар қоршаған ортаны талдауға, түсінуге және құрметтеуге үйренеді. Балалар күрнелікті жағдайда қолдануға болатын пластикалық бөтелкелерден қызықты қолөнер жасады.

"Абай әлемі" - Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай " Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы"," Білімдіден шыққан сөз "мәнерлеп оқу сайысы,"Масатадай құлпырар жер жүзі" суреттер байқауы өткізілді.

"Денсаулық елі" - спорттық энциклопедия құрылды: кітаптарға иллюстрациялар; дұрыс тамақтану ережелерінің жинағы; денсаулықты сақтау үшін спорттық жаттығулар жинағы; СӨС бойынша буклеттер.  

"Менің сүйікті үй жануарым" - бұл бүкіл отбасының сүйіктілері туралы жоба, олар бала үшін ойындарда дос және серіктес болып табылады. Балалар шығармашылық байқауға белсене қатысты, суреттер мен фотосуреттер, үй жануарлары туралы бейнероликтер дайындады. Балалар өздерінің сүйікті мінездері мен әдеттері туралы қызығушылықпен айтып, олардың қатысуымен ертегі әңгімелерін ойлап тапты.

"Менің гүлзарым" - фотопроект шеңберінде 1-11 сынып оқушылары өздерінің гүлзарларын көрсетті (бақшада, аулада, гүл құмырасында, қорапта және т.б.). Жоба эстетикалық талғамды қалыптастыруға және еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған.

"Бәрі шляпада" - оқушылар түпнұсқа шляпалар жасап, олардың дефилесін көрсетті. Байқау жұмысының идеясы презентациямен сүйемелденді.

Жобаларды іске асыруға: №1 қазақ орта мектебі, №2 ЖОББМ, Қамзин атындағы ОМ Донентаева ОМ, Үштерек ОМ, Достық ОМ, № 4 ОМ, Қалқаман ОМ, Суаткөл БМ, Айнакөл ОМ, Еңбек ОМ, Сарышығанақ ОМ, №5 ОМ, им.Б. Момышұлы мектептері қатысты. Барлық іс-шаралар жоғарыда аталған мектептердің әлеуметтік желілерінде жарияланды.

05-08-2020