• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«ҰЛЫ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЙЫС»

2020 жылдың 20 қазанында Ақсу қаласының білім бөлімі қалалық «Абай оқулары» байқауын онлайн режимінде өткізді.

«Абай оқулары» сайысы алты бағытта өтті. Іс-шараға Ақсу қаласы мен ауылдық жерлердегі орта мектептердің 8-11 сыныптарының 36 оқушылары қатысты, олардың ішінде өзге  ұлттың оқушылары қатысты.

Байқау нәтижесінде 21 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Оқушыларға мадақтама мен сыйлықтар табысталды.
Қалалық жарыста бірінші орын алғандар «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңіне өтті.

Биылғы ХХІІ облыстық Абай оқулары2020 жылғы 10 қарашада онлайн режимде өткізілді.

Конкурстың үш бағыты – «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» (Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу); «Көңілім әнді ұғады» (Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау); «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (оқушылардың өз поэзиялық шығармалары) – алдын ала жазылып, жіберілген видеоматериалдар бойынша бағаланды.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін жатқа оқу); «Абайдың қара сөздері» (ақын қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу); «Ұлылар әлемі» (Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына қатысты эссе жазу) бағыттары – ZOOM платформасында видеоконференция байланыс арқылы өткізілді.

Шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептері 8-11 сыныптарының 100 оқушысы қатысты.

            Облыстық байқау нәтижесінде 43 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Соның ішінде Ақсу қаласы жүлделі орын иеленді:

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында ІІ орын – Ақсу қ. Қызылжар ЖОББМ10 сынып оқушысы Оралова Диана;

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында ІІ орын – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ9 сынып оқушысы Дөрбетхан Аружан;

 «Көңілім әнді ұғады» бағытында ІІІ орын – Ақсу қ. Ұштерек ЖОББМ 10 сынып оқушысы Хайратхан Рая;

«Абайдың қара сөздері» бағытында ІІІ орын – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 9 сынып оқушысы Өсерхан Ақжол;

 «Ұлылар әлемі» бағытында I орын –Ақсу қ. №2 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Билялова Эльнура; 

23-11-2020