• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» республикалық байқауының жеңімпазы

Қара өлеңнің қас шебері, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай Mangilik El Jastary қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Жырлайды Жүрек» атты республикалық байқауға қатысып, І кезең бойынша көркемсөз оқу шеберлігімен көзге түскен Ахмедчанова Ясмин жүлделі 2 орынға ие болды.  Ясмин ІІ кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Романова Салтанат Махмудовна еліміздің болашақ тұлғаларын тәрбиелеу жолындағы адал еңбегі мен қажырлы қызметі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Алдағы уақытта Павлодар облысының намысын қорғайтын болады. Ясминға сайыста сәттілік пен жеңіс тілейміз

23-02-2021