• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Ақсу қаласы мектеп-лицейінің тұңғыш директоры Москалева Раиса Никитична 75 жасқа толды

Ұстаздар жайында Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет” деген. Ендеше, өз ісіне берілген,  шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек  ұстаздардың бірі Ақсу қаласы мектеп-лицейінің тұңғыш директоры Москалева Раиса Никитична.

Құрметті Раиса Никитична! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбегіңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ақсу қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы атынан Сізді мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық тілейміз! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосқан еңбегіңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз! 

Есть такие профессии на земле, без которых нельзя обойтись. Одной из них является профессия учителя, умного, доброго, мудрого. Именно таким Учителем с большой буквы является    первый директор школы-лицея г. Аксу Москалёва Раиса Никитична, Отличник просвещения КазССР и СССР.

Мектеп-лицейінің ұжымы

26-01-2021