• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Үздік педагогтер марапатталды

2020 жылдың 28 тамызында педагогтердің тамыз конференциясы онлайн түрінде өткізілді. Тамыз конференциясында Ақсу аймағының педагогтары мен мектептері сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

"Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісіне Ақсу қаласындағы "Балапан" бөбектер-бақшасының директоры Амина Сартова ие болды.

Павлодар облысының әкімінің алғыс хатына және ақшалай сыйлығына №19 бөбектер-бақшасының тәрбиешісі Каликова Диана Мұратқызы марапатталады.

"Үздік орта білім беру ұйымы 2020" облыстық байқауының жеңімпазы Айнакөл ауылының орта мектебіне табыс етіліп, моноблок пен принтерге ие болды.

Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін қала әкімінің, білім және ғылым Министрлігінің, білім басқармасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарына өңірдегі ең мықты 40 педагогтеріне табыс етілді.

28-08-2020