• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Табиғатты аяла» ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

2021 жылғы 30 наурызда “Ақсу” балалар эко-техноорталығында Ақсу қаласы мен ауыл өңірі мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен биология мұғалімдеріне арналған «Табиғатты аяла» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференцияны өткізу мақсаты тәрбиеленушілер мен мектеп оқушыларында жобалық қызметке тәжірибелік білімдері мен дағдыларын қалыптастыру; экологиялық проблемаларды түсіну; отаншылдықты тәрбиелеу; табиғи ресурстарды сақтау болып табылады.

Конференцияның модераторы БЭТО әдіскері Ж.Е. Ибраева “Ақсу” балалар эко-техноорталығы үлгісінде қосымша білім берудің жобалық қызметінде экологиялық мәдениет пен экологиялық ойлауды қалыптастыру” атты тақырыптағы баяндамамен сөз сөйледі. Конференция шеңберінде БЭТО қосымша білім беру педагогтары  Б.Н. Молдатаева, Д.Д. Мысырова «Оқушылардың табиғатқа, экологиялық бағыттағы проблемаларды белсенді зерттеуге белсенді қызығушылықтарын, табиғатты қорғау қызметімен байланысты мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарастары мен бастамаларын дамыту”, сондай-ақ “Өсіп келе жатқан ұрпақта қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікті қалыптастыру, экологиялық ойлауын дамыту” сияқты мәселелерді қозғады. «Тікенді ағаштар ауаның биоиндикаторлары ретінде» және «Қосымша білім берудің тиімділігі және маңыздылығы» атты  презентациялар көрсетілді: Конференцияны аяқтау кезінде қатысушыларға БЭТО қосымша білім беру педагогы И.В. Гусевамен «Eco-boom made of plastic» қолжетімді материалдан жасалған бұйымдар шеберлік -классы көрсетілді

30-03-2021