Ағымдағы жылдың 15 наурызы мен 15 сәуірі аралығында «Игі істер марафоны» акциясы аясында облыстық «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өтуде.
2.04.2021 жылғы жағдай бойынша осы айлық барысында келесі іс-шаралар өткізілді:
- «Қамқорлық» айлығы аясында №2 ЖОББМ, Айнакөл ОМ, Шүлембаев ОМ, Ақжол ОМ, Спутник НМ мектептерінің еріктілері жалғыз тұратын адамдар мен зейнеткерлерге қар тазалауға, отын жаруға, көмір тасуға, үй жинауға көмек көрсетті.
- №1 ОМ педагогы А.С. Смағұлова аз қамтылған отбасынан шыққан 2 оқушыға 14 мың теңгеге мектеп формасы мен жейдесін сатып алды.
- Гагарин ОМ-де ата-аналар комитетінің мүшесі Оксана Дюднева көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 40 мың теңге сомасында киім (джинсы 8 дана көлемінде) түрінде көмек көрсетті.
- Еңбек ОМ педагогы Г.Я. Попенко 2 балаға 15 мың теңге сомасында күртеше түрінде көмек көрсетті.
- Қабылбеков ОМ-нің көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 4 оқушыға 22 мың теңгеге киім (спорттық костюм, туфли, мектеп формасы) түрінде материалдық көмек көрсетілді.
Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 91 мың теңге.