• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Асыл бөбек» арнайы балабақшасында облыстық семинар өткізілді

2020 жылдың 25 ақпаны күні «Асыл бөбек» арнайы балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру» тақырыбындағы МДҰ тәрбиешілері, педагог-психологтары, логопед-дефектологтарына арналған облыстық семинардың диалогтік алаңы өткізілді. Бұл семинардың негізгі мақсаты ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша педагогтардың білімдерін жетілдіру болды.

Семинарға педагогтар облысымыздың қала-аудандарынан жиналды.

Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының мектепке дейінгі бөлім басшысы Л.Серикбаева қатысушыларды диалогтік алаң бағдарламасымен таныстырды.

Балабақша басшысы Ж.Каирбекова қатысушыларға ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін біздің МДҰ-да қандай жағдайлар жасалатынын атап өтті.

Балабақша әдіскері И.Тыщук семинар қатысушыларына балабақша педагогтері қолданатын жаңа технологияларымен («Марблс» тастары, «Лэпбук» кітапшалары, Асық терапиясы, Емдік дене шынықтыру, тб.) таныстырды.

Қатысушылар балабақшаның логопед-дефектологтары А.Бейсенова, Ж.Хуаныш, ағылшын тілінің оқытушысы Л.Сулейменова, дене шынықтыру нұсқаушысыА.Громоваөткізген ашық сабақтарды көріп, әдістемелік қорларын толықтырды. Сонымен қатар, музыка жетекшілері Е.Автоломенко, А.Лебаевадайындаған музыкалық үзіліс кезінде ЕБАҚ бар балалардың шығармашылық өнерлерін тамашалай алды.

Диалогтік алаңда балабақша педагог-психологі Л.Юрченко, логопед-дефектологі А.Абдыгалимова, тәрбиеші Н.Казаковаерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.

ББДИО әдіскерлері Б.Барамбаева, Д.Сарсекеева, Ақсу қ. №24 балабақшасының педагог-психологі Д.Нагасимова, Павлодар қ. №17 сәбилер бақшасының педагог-психологі С.Атласевич, Павлодар қ. №6 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетінің тьюторы М.Бейсембекованың қатысуымен маңызды сұрақтар талқыланды. Семинар соңында әр қатысушыға әдістемелік ұсыныстар берілді.

27-02-2020