• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Ақсу қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн режимінде "Балалық шақ әлемі" атты караоке-батл сайысы өткізілді

Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Ақсу қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен  онлайн режимінде "Балалық шақ әлемі" атты караоке-батл сайысы өткізілді. Караоке батлды өткізудің мақсаты-балаларды және отбасының барлық мүшелерін мәдени құндылықтарға тарту, ұйымдастырылған жүйеге фестивальдарды, конкурстар мен бос уақыт қызметінің бағдарламаларын тарту болып табылады. Аталмыш іс-шараға №1 ОМ, №2 ОМ, Ақжол ОМ, Дөнентаев ОМ, Жамбыл ОМ, Қалқаман ОМ, Қамзин ОМ, Үштерек ОМ, Шүлембаев ОМ қатысты. 1 орын-Амантай Әйгерім, Амантай Мадина, Есен Жаннұр /ОМ Жамбыл/, 2 орын – Салауатұлы Мейрамбек/ОМ Қалқаман/. Сонымен қатар "Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша: Қобыланды Әлімжан /№1 ОМ/, Искандаровтар Елнұр және Арай /ОМ Шүлембаева / марапатталады.

01-06-2020