• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Мектепке дейінгі ұйым педагогі-2021»

Жыл сайынғы қалалық «Мектепке дейінгі ұйым педагогі – 2021» байқауы биылғы жылы қашықтықтан өтті.

Байқауға 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.

 «Мектепке дейінгі ұйым педагогі – 2021» атағы үшін қаланың балабақшаларынан сегіз педагогі бақ сынасты.

Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар визит карточкаларын, кәсіби портфолиосын, бейне-сабақтарын, онда балалармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Екінші кезеңде қатысушылар ZOOM интернет платформасы арқылы конкурстық комиссия алдында өздерінің педагогикалық тапқырлықтарын қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша:

Гран при – Ахметова Үміт Кунафияқызы,  №10 сәбилер бақшасы;

1 орын – Харинина Людмила Сергеевна, №16 сәбилер бақшасы;

2 орын – Рүстемханова Айгерім Серікқызы, №18 сәбилер бақшасы;

2 орын – Ташенова Әсел Сағадатқызы, «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы»;

3 орын – Кливенко Алена Васильевна, «Айгөлек» сәбилер бақшасы;

3 орын – Лесняк Олеся Владимировна, «Айналайын» сәбилер бақшасы;

3 орын – Тусупбаева Әсемгул Нығметовна, № 20 сәбилер бақшасы;

 «Мектепке дейінгі ұйым педагогі – 2021» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

05-04-2021