• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Лондондағы жеңіс

Үнемі ерекше сахыналық киімдерімен, бойындағы қайталанбас өнерлерімен тамсандыратын «Сарын» қобызшылар триосы тағы да мықтылықтарын дәлелдеді.

         Осыдан бірнеше уақыт бұрын Конротбаева Нурай, Жунусова Дильназ және Кажкаримова Жамиля – үш дарынды қобызшы қыздар Ұлыбритания елінің Лондон қаласында өткен Халықаралық «Super World Talent 2021» сайысқа қатысқан болатын. Осы жолы қазылар алқасының төрешілігіне белгілі совет композиторы Брусиловскийдің туындысы «Бозайғыр» сюитасынан Финал ұсынылды. Қазақстан, Англия, Молдова, Болгария, Румыния, Украина, Италия – жеті шет елдерінің өкілдері «Сарын» триосының өнерлеріне, кәсіби шеберліктеріне тәнті болып, Бас жүлдеге лайық деп ең жоғары баға беруге шешім қабылдады!

         Әрине, «Сарын» қобызшыларын бұл жетістік әрі қарай әлем деңгейдегі шыңдарында қазақ туымызды желбірету үшін аянбай еңбек етуге шабыттандырады, әлі талай асу алып, белес бағындыруға одан әрі жетелейді

28-01-2021