2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы оқушылар арасында облыстық олимпиада өткізілді.
Биыл олимпиадаға Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтан 32 оқушы қатысты, 16 оқушы жүлдегер атанды.
№7 орта мектептің 9-сынып оқушысы - Зеленкевич Алина орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
№2 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Таубен Әсел және Қызылжар орта мектебінің 9-сынып оқушысы Болатова Айана қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
№4 орта мектептің 11-сынып оқушысы Седова Анастасия мен мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Герб Кристина орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен 2-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Досжанқызы Дина орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 2-дәрежелі дипломға ие болды.
Мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Арынова Далила ағылшын тілі пәні бойынша екінші дәрежелі диплом марапатталды.
№2 орта мектептің оқушылары Кенжебаева Адина және Кайруллин Диас қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
№4 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Белоусова Софияға математика пәнінен 3 дәрежелі диплом берілді.
№4 орта мектептің 9-сынып оқушысы Каскенова Самира физика пәнінен 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
№2 орта мектептің 10-сынып оқушысы Шақалай Ризатқа биологиядан 3-дәрежелі диплом берілді.
№2 орта мектептің 9-сынып оқушысы Сейсембаева Камила география пәнінен 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақстан тарихы пәнінен 3-дәрежелі дипломдар №1 орта мектептің 11-сынып оқушысы Аршабаева Рабиға, Жамбыл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ләззат Жәнібекқызы және Үштерек орта мектебінің 9-сынып оқушысы Арғанбай Аружан марапатталды.