• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық акциясын өткізу бойынша баспасөз релизі 2020 жыл

Жазғы демалыс қарсаңында жыл сайын 2020 жылғы 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Биылғы жылы бұл науқан «Балалар еңбегін қанауға жол -  ЖОҚ!» ұранымен өтетін болады.

Науқанның негізгі мақсаты ересек балалар мен олардың ата-аналарын қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Осы науқан шеңберінде білім мекемелерімен келесі іс-шаралар өткізіледі:

- ақпараттық науқанды өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын жасау;

- ақпараттық науқанды өткізу мониторингіне жауапты адамды бекіту;

- мақала шығару және осы акцияны өткізу туралы ақпараттық стендтер ресімдеу;

- ішкі істер қызметкерлерін, ата-аналар қоғамдастығын, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» рейдтік іс-шаралар өткізу;

- БАҚ және әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау;

- дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру;

- тақырыптық көрмелер ұйымдастыру;

- әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ, БҚҚК сайтында Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу туралы пікірлерді орналастыру

08-06-2020