2020 жылғы 31 қазанда сағат 10.00-де «En_baqytty_el» қоғамдық қоры онлайн форматта республикалық әкелер форумын өткізеді. Аталған форумның мақсаты Қазақстандағы әке институтын дамытуда жаңа тәсілдерді дәріптеу және қалыптастыру үшін диалог платформасын құру болып табылады.
Осы форумды өткізу барысында әкелер ер адамның отбасындағы және қоғамдағы рөлі туралы білімдерімен бөліседі. Сондай-ақ, «Жауапты әке болуды қалыптастыру құралдары», «Толық емес отбасылардан шыққан жасөспірімдерде әке туралы түсініктерді қалыптастыру», «Агрессивті ерлердің көмекке жүгінуінің психологиялық практикасы» тақырыптарында шеберлік сағаттары өткізіледі