• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

VIII облыстық математикалық турнир қорытындысы

«Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылы 18 ақпанда қашықтықтан форматта Goоgle-form платформасында бастауыш сынып оқушылары үшін VIII облыстық математикалық турнир өткізді.

Турнирге Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтан 6 оқушы қатысты.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнир жазбаша түрде бір айналымда өтті.

Турнирдің қорытындысы бойынша Ақсу қаласы 5 жүлделі орынға ие болды.

2-сынып оқушылары арасында 1-ші дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды: Қарақат Сұлтан, Қабылбеков орта мектеп және Востриков Иван №7 орта мектеп.

3 сынып арасында ІІ дәрежелі диплом Үштерек орта мектебінің оқушысы Савич Екатеринаға берілді; III дәрежелі диплом - Магазова Айзада, Гагаринская орта мектебі марапатталды.

4 сынып арасында мектеп-лицейдің оқушысы Красников Роман 1 дәрежелі дипломмен марапатталды

05-03-2021