2020 жылғы 3 қарашада білім бөлімінің басшысы Қ.Т. Смағұлов барлық білім беру мекемелерінің директорларымен ZOOM арқылы «Ақсу қаласының білім беру мекемелеріндегі коронавирустық инфекцияның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» онлайн кеңес өткізді.
Ақсу қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ақпаратына сәйкес, білім беру мекемелеріндегі балалар мен педагогтарда Covid-19 диагнозын растайтын фактілер бар.
2020 жылдың 2 қарашасынан бастап №2 ЖОББМ және Қалқаман ауылының «Чайка» бөбектер бақшасы карантинге жабылды.
Барлық білім беру мекемелерінің директорларына Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеулі карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды күшейту туралы ұсыныстар берілді.