• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

1 маусымнан бастап Ақсу қаласында орта білім беру мектептерінде электрондық жүйе арқылы 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау және есепке алу өз жұмысын бастайды

2020 жылғы 1 маусым мен 30 тамыз аралығында Ақсу қаласы және өңірінің жалпы орта білім беру мектептерінде 1 сыныпқа өтініштерді электронды форматта қабылдайды. Білім беру ұйымдарына 1 сыныпқа қабылдау және есепке алу қызметін http://mektep.snation.kz электронды қызметтер порталынан алуға болады.

Портал 24/7 режимінде жұмыс істейді. Өтінішті ресімдеу үшін http://mektep.snation.kz сайтына кіріп, қажетті ақпаратты және байланыс деректерін толтыру керек. Сонымен қатар, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу қажет. Қабылдау немесе бас тарту туралы хабарлама жеке кабинетке немесе көрсетілген байланыс телефонына жіберіледі (электронды пошта және телефон). Қызметтерді көрсетуден бас тарту толық емес құжаттар пакетін немесе оқылмайтын скан-көшірмені ұсынған жағдайда болуы мүмкін.

Қажетті құжаттардың тізімі:

1)                Ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің атынан өтініш (құжаттарды қағаз түрінде ұсынған жағдайда);

2)                баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3)                денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3);

денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма № 063/у);

4)         3-4 фотосурет - 2 шт

Аталмыш электронды қабылдау жүйесі ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін әзірленген.

Сондай-ақ, компьютер немесе интернет жоқ болған жағдайда ата-ана жақын жердегі мектепке келіп кеңес алып, құжаттарын қағаз нұсқасында тапсыра алады.

1 сыныпқа тек тұрғылықты мекенжайға қарасты мектепке ғана емес, орын болған жағдайда кез-келген мемлекеттік орта білім беру мектебіне құжат тапсыруға болады. Бос орындар туралы ақпаратты жоғарыда аталған порталдан білуге болады (1 сыныпқа қабылдау туралы ақпарат 1 маусым мен 30 тамыз аралығында қол жетімді).

Қызмет көрсету мерзімі: орта білім беру ұйымдарына 1 сыныпқа қабылдау туралы өтініштер ағымдағы жылдың 1 маусымы (сағат 8.00-ден) мен 30 тамыз аралығында қабылданады.

Қызмет көрсетудің нәтижесі: баланы білім беру ұйымына қабылдау.

22-05-2020