• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Мектеп омбудсмені

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында білім бөлімі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары арасында «Үздік Омбудсмен – 2020» конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты оқу-тәрбие жұмысының тұтас жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде білім беру процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа Қ. Шүлембаев атындағы ОМ,  С. Дөнентаев атындағы ОМ, Ю. Гагарин атындағы ОМ, Б. Момышұлы атындағы ОМ, №2 ОМ, №7 ОМ, №1 ОМ, лицей, Үштерек және Еңбек ауылы мектептерінің 11 омбудсмені қатысты. Олар конкурсқа портфолио мен шығармашылық визитка ұсынып, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымында өз жұмыстарын көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша Гран-при жүлдесіне Үштерек ауылы орта мектебінің оқушысы Махсатхан Кымбат ие болды.  

1 орын - Елеусизова Дильназ Қ. Шүлембаев атындағы мектептің омбудсмені;

2 орын -  Майжакпаров Никита  Ю.Гагарин атындағы мектептің оқушысы;

3 орын -  Валивач Анастасия лицей-мектебінің оқушысы.

Барлық жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

06-11-2020