• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Ақсу қаласының 60 жылдығына орай Ақсу өңірінің білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 17 ақпанында «Ақсу - балалар көзімен» атты байқау өткізілді

Ақсу қаласының 60 жылдығына орай Ақсу өңірінің білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 17 ақпанында «Ақсу - балалар көзімен» атты байқау өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты мектепке дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы балалардың шығармашылық әлеуеті мен қиялын дамыту болып табылады.

Байқауға 17 мектеп белсенді қатысты. Ұсынылған жұмыстар бояулармен, қарындаштармен және гуашпен боялған. Айта кету керек, суреттер жарқын, түрлі-түсті, тақырыпқа сәйкес келеді және өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Инстаграм әлеуметтік желісіндегі  #60Aksurisunok хэштегімен ең көп лайк пен пікір алған қатысушылар жеңімпаз атанды.

Үздік жұмыстар грамоталармен марапатталды.

1 орын алды      Авилхан Жасын  №2 ЖОББМ 1-сынып оқушысы

                                  Даулетхан Ислам  Қызылжар ОМ 5 жаста

                                  Князева Анастасия Б.Момышұлы ат. ОМ 6-сынып оқушысы

2 орын алды      Данкина Адия  Б.Момышұлы ат. ОМ 5 жаста

                           Серикова Сабина №8 ОМ  2-сынып оқушысы

3 орын алды      Шарипов Айхан Б.Момышұлы ат. ОМ  3-сынып оқушысы

                                  Дуйсенбай Мариям Үштерек ОМ   2-сынып оқушысы

                                  Жолдасбеков Алдияр М.Қабылбеков ат. ОМ 5-сынып оқушысы

                                        Хунтуған Серікгүл  Қалкаман ОМ  8-сынып оқушысы

                                  Дидар Ислям  М.Қабылбеков ат. ОМ 3-сынып оқушысы

                                  Амантаев Альдамир М.Қабылбеков ат. ОМ  4-сынып оқушысы

                            Клещева Вероника  Достық ОМ  3-сынып оқушысы

 

03-03-2021