2021 жылдың 15 – 17 наурыз аралығында онлайн форматта Ақсу қаласының 60 жылдығына орай, асық атудан «Асығыңыз алшысынан түссін» атты қалалық турнирі өтті. Іс-шараның басты мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық асық ойынын жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті, мергендікті және ептілік қабілеттерін қалыптастыру және оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Аталмыш шараға 4 сынып оқушыларынан құралған Дөнентаев ОМ, Қабылбеков ОМ, Ақжол ОМ, №1 ОМ, №2 ОМ, №7 ОМ, Береке ОМ, Айнакөл ОМ, №5 БМ, Жамбыл ОМ, Еңбек орта мектептерінен 11 команда қатысты. Сайыстың қорытындылары бойынша: 1 орынды –Жамбыл ОМ мен Енбек ОМ, 2 орынды - №2 ЖОББМ, 3 орынды - №7 ОМ командалары иеленды.
Жеңімпаздар гармоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.