«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсу қаласында жыл сайын 5-11 сынып оқушылары арасында «Bala business» қалалық байқауы өтеді. Ағымдағы жылы пандемия жағдайында конкурс қараша айында қашықтықтан өткізілді.
Бұл жоба оқушылардың өмір сүру сапасын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызды бизнес-жобаларын іздеуге және одан әрі дамытуға бағытталған.
«Мои бизнес идеи» онлайн – акциясы барысында қатысушылар әлеуметтік желілерде өздерінің бизнес-жоспарларын Instagram парақшасында #balabussines-pvl2020 хэштегімен ұсынды.
Биылғы жылы жас бизнесмендер түрлі тақырыптар бойынша 17 жобаны ұсынды:
қызмет көрсету, өндіріс, сауда, қоғамдық тамақтану және т. б.
Жүлделі бірінші орынға: «Мир цветов. Ростовые цветы» Гатина Жасмин, лицей-мектебінің оқушылары және «Эко хлеб», №8 ОМ оқушылары Мартынова Яна, Мусина Каринаның жұмыстары ие болды.
Екінші орынды №1 ОМ оқушысы Дюсекина Линаның «Ұлы даланың өркениеті» жобасы және №4 ОМ оқушысы Демичева Иринаның «Изделия из фетра» жобасы иеленді.
Үшінші орынға №2 ОМ оқушысы Авайхан Ералидің «Ағаштан жасалатын ыдыстар» жобасы мен Ю. Гагарин атындағы ОМ оқушысы Клоцбах Кристинаның «Изготовление тортов и кондитерских изделий» жобасы ие болды.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың өз бизнес-идеяларын жасау және іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктері бар.