• aksu.oo@pavlodar.gov.kz
  • 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14б
  • Call-орталық 8 (71837) 65941, 87713572153

Балалардың құқығын қорғау біздің құрдастарымыздың қолында

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Ақсу қаласының білім бөлімі , жалпы білім беретін мектептердің  арасында Ақсу өңірінінің атынан балалар өкілдерім  оқушылар қатарынан лайықты кандидат  таңдау мақсатында онлайн брифинг өткізді.Жалпы байқауға 26 оқушы қатысты .

Байқау қорытындысы бойынша "Ақсу қаласының № 7 орта мектебі"КММ 10 сынып оқушысы Шаханова Мадина жүлделі орын алды.

Ол, Ақсу қаласы бойынша бала құқықтарын қорғау Комитетінің балалар өкілдігіне іріктеу кезеңінен өтті және біздін өңеріміздің  өкілі болып табылады. Сондай-ақ, 2020 жылдың 30 қазанында ол балалар құқығын қорғау Комитетінің балалар өкілдерінің облыстық онлайн конференциясына қатысып, балалар құқығын қорғау бойынша өзінің бағдарламасын таныстырды

06-11-2020